Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпСаясатҚоғам

Тоғызкент ауылында толайым тірлік бар

Сарысу ауданына қарасты Тоғызкент ауылында талайды тамсандырған толайым тірлік аз емес. Мәселен, 120-дан астам жергілікті отбасы ауылдың кіреберісіне қауын еккен. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық «Үлгілі ауыл» жобасына Сарысу ауданынан Тоғызкент ауылдық округіне қарасты Әбілда ауылы енген болатын. Бүгінде бұл ауылда біршама жұмыстар атқарылуда.

Тоғызкент ауылдық округі әкімі Дархан Баймбетовтің айтуынша, ауылдықтар мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып, көңіл қуантарлық тірлік атқаруда. Нәпақаларын жерді өңдеп, ырысын маңдай терімен таба білген тоғызкенттіктер қандай мақтауға да лайық. Мәселен, жуырда арнайы барған түсірілім тобы қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша тоғызкенттіктердің тамсанарлық істеріне куә болды. Ауылға кіреберісте күннің ыстығына қарамай үй іргесіндегі жер телімдерін игерген және ауыл маңындағы көлтабандарына қауын еккен бағбандармен жолыққан.
Аталған ауылдық округтің әкімі Дархан Тобашұлы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, таныстырып өтті.

Жалпы, 120-дан астам жергілікті отбасы ауылға кіреберіс жерлерге қауын еккен. Болашақта қауынмен бір ауылды толығымен қамтимыз дейді олар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close