Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді

28 мамырдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында тағы 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың екеуі Талас және Шу аудандарының тұрғыны болса, үшіншісі «Айша бибі» бекетінде анықталған Ресейдің азаматы болып шықты.

1964 жылы туған таластық әйел респираторлық ауру белгісімен медициналық мекемеге жүгінген кезде коронавирус анықталған. Ал 1945 жылғы Шу ауданының тұрғыны (әйел адам) аталған вирусты жұқтырып алған. Оның жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы бар, коронавирус скринингтік тексеру кезінде анықталған. Үшінші науқас 1972 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы, ол «Айша бибі» бекетінде мемлекеттік шекарадан өткен кезде анықталған. ЖРВИ белгілерімен ол провизорлық стационарға жатқызылды. Зертханалық зерттеу барысында COVID-19-ды жұқтырғаны анықталды.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізіліп, олармен байланысқан адамдар карантинге бақылауға алынды. Ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, 28 мамырдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 365 адам тіркелген. Барлық ауырғандардың 180-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close