Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы балалар үйіне ноутбук сыйлады

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «1 маусым – Халықаралық балалар күніне» орай, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды мерекемен құттықтап барды. Бұл туралы Балабек Нарбаев өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Біздің болашағымыз балалар ғой. Ел ертеңі жарқын болу үшін жастарымызға жағдай жасауды ұмыт қалдырған емеспіз», – деп басталатын жазбасында облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары «Жансая» отбасылық санатындағы балалар үйінде жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған 4 баланы тәрбиелеп отырған Сая Құсайыноваға алғыс айтады. Педагогика саласында 60 жыл өтілі бар 80 жастағы профессор әже балаларды бауырына басып, тәрбие беріп келеді. Жуырда балалар партия облыстық филиалына ноутбук алып берсеңіздер деп өтініш білдірген екен. Бұл өтінішке бей-жай қарай алмаған Балабек Нарбаев партия Жамбыл облыстық филиалының атынан ноутбук пен азық-түлік себетін сыйға тартқан екен.

«Халықаралық балалар күнімен құттықтап, оқуда озат болып, ел үшін еңбек ететін азамат болып өссін деген ниетпен қажетті сыйлықтарды табыстадық. Байқағаным, бүлдіршін балалар да риза болып қалды. Олар маған келіп, алаңсыз білім алуға мүмкіндік тудырған партия қызметкерлеріне алғыс айтамыз деді. Мен бастарынан сипап, болашақтары жарқын болуын тіледім», – дейді Балабек Нарбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close