Басты бетЖаңалықтарСпорт

«Тараз» футбол клубының Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды

«Тараз» футбол клубының Түркияның Анталия қаласындағы бірнеше жолдастық ойыннан кейінгі оқу-жаттығу жиыны аяқталды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жалпы, жолдастық матчтың мақсаты – әр ойыншының мүмкіндігін анықтау болғандықтан, мұнда әр түрлі ойын стиліндегі командалармен жекпе-жектер өткізілді. Мәселен, тунистік «Зитуни» командасымен өткізілген матчта қазақстандық команда 7:0 есебімен айқын жеңіске жетсе, швейцариялық «Вадуц» командасымен ойын табанды өтіп, тараздықтар 0:2 есебімен есе жіберіп алды. Ал румындық «Германштадт» командасымен өткен қызықты ойында тараздықтар 2:1 есебімен алға шықты. Одан кейін Өзбекстанның жастар құрамасымен жолдастық ойында тараздықтар жеңісті қолдан бермей, есепті 1:0-ге жеткізді. Соңғы ойын украиндық Премьер-Лиганың «Карпаты» (Львов) клубына қарсы өтті. Бірінші таймнан кейін қарсылас команда 2:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші таймда Еливелто бір гол соққанмен, көп ұзамай Сулей пенальтиді жүзеге асырмады. Өз кезегінде украиндықтар пенальтиден берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, үшінші гол соқты. Жалпы, жиын барысында бірқатар ойыншылармен келісімшартқа қол қойылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close