Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Қордайда БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, Қордайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтіп, онда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері видео байланыс арқылы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың мерекелік құттықтауын тыңдады, – деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Жиынға аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси және «Кәсіпкерлік жаршысы» газеттерінің ұжымы мен «КИИК» ЖШС-нің мамандары қатысты. Аудан әкімі Р.Дәулет аудандағы ақпарат саласының мамандарына деген құттықтауын жеткізіп, ақпарат саласында талмай еңбек етіп жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады. «Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық» -деп атап өтіп, сый-құрмет көрсетті. Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов та тілшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ауданның ақпарат айдынында белсенді қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарға Құрмет және Алғыс хаттар табыс етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close