Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Қордай ауданының әкімі Кенен ауылына барды

Бүгін Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет облыстық «Үлгілі ауыл» байқауына Қордай ауданының атынан қатысқан Кенен ауылына арнайы барып, байқаудың шарттарында көрсетілген жұмыстардың атқарылу барысымен танысты. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Округ әкімі Нұркен Жаманкөзов ауылдағы қолға алынған игілікті істерді баяндап, бекітілген іс-шаралар жоспарындағы әр тармақтың орындалуына жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар, Кенен ауылындағы жасөспірімдерге белсенді азаматтық және өмірлік ұстаным, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға ықпал жасау мақсатында ауылдағы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, ақсақалдармен, билермен кездесу, оқушылардың жазғы каникул мезгілінде бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатқандығын және байқау бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгендігін тілге тиек етті.


Аудан әкімі Рүстем Рыспайұлы Кенен ауылынан шыққан кәсіпкер, белсенді азаматтардың тізімін әзірлеп, «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында ортақ іске біріктіруге шақырды. Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттап, көшелердегі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын мықтап қолға алуды баса айтты.
Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің мүшелеріне еліміздегі індеттің өршіп тұрғанына байланысты отбасылық мерекелер мен ас пен көкпардан бас тарту бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде ақсақалдардың рөлі ерекше екендігін жеткізді.
Кездесуден соң Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық музейіне ат басын бұрып, Алатаудың ақиығына айналған тұлғаның рухына Құран аяттарын бағыштады.
Еске сала кетейік, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауына Қордай ауданынан Кенен ауылы таңдалған болатын. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Кенен ауылында ауыз су құбырлары толығымен жаңартылса, Қордай батыр көшесі шілде айының ішінде шамдармен жарықтандырылады. Ал Байқау қорытындысы қараша айының үшінші жексенбісінде белгілі болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close