Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

42500 теңге төлене ме?

42500 теңге төлене ме? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

– Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеуге біраз қаражат жұмсалды, – деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 8 миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтініш берген.

– Бізге Ұлттық банк ТЖ уақытында көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жатса, онда басқа қаржы көздерін қарастырамыз, – деді министр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close