Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесі енгізіледі

Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар, ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қалалық қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.


Бүгінде «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Қаулыға сәйкес жолақысын картамен электронды төлеу үшін тариф көлемі – 65 теңге (мектеп оқушыларына – 30 теңге), қолма-қол төлеу тариф көлемі – 130 теңге (мектеп оқушыларына – 65 теңге) болып белгіленеді.
Электронды билеттендіру жүйесін енгізу барысы бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша жарияланады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close