Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тараз қаласының әкімдігі журналистерді төл мерекесімен құттықтады


Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайсар Сарытай әкімдіктің мәжіліс залында ақпарат айдынында жүрген бір топ журналистерді қабылдады. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты кездесуге қалам мен микрофонды жанына серік еткен мамандық иелері жиналды. Олардың қатарында журналистика ардагерлері, қалалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері де болды.

Журналистерді мерекемен құттықтаған Қайсар Сарытай баспасөздің қоғамдағы орны мен роліне тоқталып өтті.

– «Қазiргi кезде газет оқымайтын, телеарна көрмейтiн, радио тыңдамайтын, интернет қарамайтын жан жоқ. Уақыт өткен сайын баспасөзге, ақпарат саласына деген сұраныс артып келедi. Ең бастысы, ақпарат жедел, қолжетiмдi. Барып, көрiп үлгермейтiн мәселелер сiздердiң материалдарыңызда шығып, шешiмiн тауып жатады», деді ол.

Бұл күні қала әкімінің атынан журналистерге сыйлықтар тапсырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close