Басты бетЖаңалықтарҚоғам

«Nur Оtan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Бүгін «Nur Оtan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы да ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Ақпарақ агенттігі.

«Nur Оtan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев журналистерді қабылдап, ізгі тілегі мен жылы лебізін білдіріп, сый-сияпатын ұсынды.

Бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған Балабек Нарбаев журналистерді тағы бір құттықтаған. «Барлықтарыңыз мықтысыздар! Сала сардарлары сіздерсіздер! Қаламды қару еткен жамбылдық журналистердің республикамызда аттары алысқа жетіп жатыр. Қолтаңбалары айқын, қозғаған тақырыптары ауқымды. Сіздер барда еліміздің ішкі-сыртқы саясатындағы игі істер насихатталып, жұртқа жедел жетіп отыратынын баршамыз білеміз. Аймақтың ақпараттық айнасы болып отырған біздегі БАҚ құралдарының кәсіби мерекесін «Nur Оtan» партиясы құттықтаудан қалыс қалған емес. Бұл жолы да әдептен жаңылмай, әулиеаталық журналистерге мейлінше мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Жұмыстарыңыз жемісті бола берсін», – деп жазды ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close