Басты бетЖаңалықтарСаясат

Жамбыл облысында «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумы өтеді

Жуырда Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Жиында басқарма басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Берік Уәлиұлының айтуынша, өткен жылы басқарма тарапынан жоспарланған іс-шаралар мен көзделген мақсатты индикаторлар орындалған. Сондай-ақ, өткен жылы басқарманың ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы, ұлттық және мемлекеттік мерекелер, республикаға танымал журналистер, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, блогерлер, қоғам өкілдерінің қатысуымен әртүрлі 52 іс-шара өткізілген екен.

Мемлекет басшысының Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мақсатында құрамында 89 мүшесі бар 11 ақпараттық топ құрылып, олар өз жұмысын ақпан айынан бастап, бекітілген кестеге сәйкес жүргізетіні белгілі болды.

Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінде 63 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша өткен жылы Жамбыл облысы алғашқылардың бірі болып цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесіне көшті. Бұл ретте, өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіліп, 2400 отбасыға жергілікті бюджет есебінен 13 528,0 мың теңге бөлініп, цифрлы жалғамалар алып берілген.

  Берік Құрманғали өткен жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, басқарманың алға қойған жоспарларымен де бөлісті. «Биылғы жылы Жамбыл облысының 80, Т.Рысқұловтың 125, облыстық «Знамя труда» газетінің 100, «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығы және «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумын ұйымдастыру жоспарда тұр», – деді басқарма басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close