Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі қан орталығына барып қан тапсырды

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев Жамбыл облыстық қан орталығына барып қан тапсырды. Қан тапсыра отырып, Айтқазы Дәулетқұлұлы үш адамның өмірін сақтап қалуға немесе ғұмырын ұзартуға септігін тигізді, деп хабарлайды облыстық қан орталығы.

Өз кезегінде қала әкімі Жамбыл облысының тұрғындарын қан донорлығына қосылуға шақырды.

«Менің ойымша, әрбір адам қан тапсыруы керек. Өйткені өмірде әртүрлі жағдайлар орын алады. Төтенше жағдай болған кезде зардап шеккен адамдарға сирек кездесетін қан тобы керек болуы мүмкін. Ал ондай қан керек жағдайда болмауы мүмкін. Адамдар мүмкіндігінше бір-біріне көмек көрсетуден бас тартпауы керек,» – деп атап өтті Айтқазы Дәулетқұлұлы.

Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа жасаған сауапты ісі үшін шексіз ризашылығын білдіреді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close