Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда көкөніс тапшылығы жоқ ⠀

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев «Ауыл-Береке» базарын аралады.

Қаладағы ірі сауда орындары көкөністі дәл осы «Ауыл-Береке» базарынан көтерме бағада сатып алатыны белгілі. Орташа есеппен апта сайын аталған базарға мына көкөністер көлемі жткізіледі: ⠀- орамжапырақ – 75 тонна (Түркістан облысы), көтерме бағасы 80 тг, бөлшек сауда бағасы – 100 тг; – пияз – 150 тонна (Тәжікстан, Түркістан облысы), көтерме бағасы 55-65 тг, бөлшек сауда бағасы – 80 тг;⠀- сәбіз – 160 тонна (Түркістан облысы), көтерме бағасы 80 тг, бөлшек сауда бағасы – 100 тг;⠀- картоп – 240 тонна (Түркістан және Павлодар облысы), көтерме бағасы 100-120 тг, бөлшек сауда бағасы – 140 тг.

Осылайша, жеткізілетін көкөніс көлемі халық сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Айта кетсек, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1 маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда орамжапырақ 37 теңгеге, сәбіз – 5 теңгеге, картоп – 31 теңгеге қымбаттаған. ⠀⠀Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген көкөністер бойынша жергілікті дихандардың өнімі әлі сатылымға түскен жоқ. Әдетте, мұндай маусым қыркүйек айынан басталады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close