Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында карантин режимінің сақталуы жіті назарда

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында әр ауылдық округте індеттің алдын алуға, жөнсіз азық-түлік бағасын шарықтатпау мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелері бар.

Апта аралығында Бесағаш ауылдық округіне қарасты азық-түлік дүкендерін назарға алған топ, кіреберісте антисептик болу қажеттігін, бетпердесіз саудаласпау және сауда жасамау қажеттігін дүкен иелеріне қадап айтты.

Сонымен қатар, індеттің алдын алу және жөнсіз баға көтеруге жол бермеу мақсатында Аса ауылдық округінің шұғыл топ мүшелері округке қарасты сауда орталықтарымен кәсіпкерлік нысандарға арнайы барып, сақтық шараларын, баға тұрақтылығын назарға алды. Нысан иелеріне бетпердеге назар аударуды, халық көп жинамау үшін сауданың тиімді әдістерін қолдану тәсілдерін ұсынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close