Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда көше жарнамасы ретке келтіріледі

Таразда көше жарнамасын ретке келтіру мақсатында жұмысшы топ құрылып, олар өз жұмысын бастап кетті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының сәулеттік келбетін жақсарту, қала аумағында жарнаманы орналастыру, бей-берекет жарнаманы болдырмау, жарнама жүйесін ретке келтіру және сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды.

Осы орайда, қала әкімінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 83 өкіміне сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, топ төрағасы болып қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев тағайындалғанын айта кеткен жөн.

Аталған топ қала аумағын тұрақты зерделеп, қолданыстағы заң талаптарына сай келмейтін жарнама құралдары бойынша ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде басталып та кетті.

Жұмыс тобының төрағасы шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы жарнама орналастыру бойынша орын алған олқылықтарға зерттеу жүргізді. Айта кету керек, қала әкімдігі тарапынан жарнама құралдарының бірегей эскиздері дайындалып, кәсіпкерлік нысандарына қолдану үшін берілетін болады.⠀

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close