Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысуда құрылыс қарқынды

«Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі функционалдық міндеттеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңының аясында сәулет-құрылыс саясатын аудан көлемінде жүргізу.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшы күні» кәсіби мереке болып бекітілген. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Елбасы басымдық сипатын айқындаған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асуы да кемел ойлы осы мамандық иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз. Құрылыс нысандары қала және аудан елді мекендерінің бас жоспарлары негізінде іске асырылатындықтан, бүгінгі таңда аудан көлеміндегі барлық елді мекендердің Бас жоспарлары толығымен қамтылған. 2020 жылдың құрылыс жұмыстары бойынша, аудан көлемінде қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, сонымен қатар көріктендіру жұмыстары да атқарылуда, бұл жұмыстарға жергілікті 550-ден аса еңбеккерлер жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, білім саласына бойынша «Жұмыспен қатму жол картасы» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауылындағы Ақтоғай орта мектебінің және Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебінің ғимараттары, Саудакент ауылындағы «Ақбота», Тоғызкент ауылындағы «Жанна» бала-бақшаларының ғимараттары күрделі жөндеуден өтуде. Денсаулық саласына қатысты Жаңатас қаласындағы орталық арухана бас корпусының ғимараты, жұқпалы аурулар бөлімінің ғимараты және Саудакент ауылындағы аурухана ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілуде. Мәдениет және спорт саласы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында балалардың өмір сүру қабілетін жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Саудакент ауылындағы «Спорт кешенінің» құрылысы жүруде, ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бұнымен қоса Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебіне спорт зал құрылысын салу жұмыс жобасы әзірлену үстінде.Сонымен қатар, ауыз-су жүйесі бойынша Жанаталап, Игілік, Ұйым, Өндіріс ауылдарының ауыз-су жүйесінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.Жаңатас қаласының кезекте тұрған азаматтарын үймен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылып келеді, атап айтар болсақ 2020 жылға бюджеттен бөлінген қаржыларға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жаңатас қаласындағы 2-шағынаудан №24, 26 көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылуда, пайдалануға ағымдағы жылдың желтоқсан айында беріледі деп күтілуде.Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы және елді-мекендердегі көшелерді жөндеу (асфальт салу), жарықтандыру, қоғамдық орындарды аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде және өндірістік ірі жобаларда іске асырылуда.Елді мекендермен қоса Жаңатас қаласында дамыту жұмыстары айтарлықтай атқарылуда.Келер жылдары құрылыс, жайта жаңғырту жөндеуден өткізуге бағытталған 3 нысанның (1 ш/а №41, 47, 4 ш/а №15а) жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп бюджеттік өтінім тиісті басқармаға тапсырылған жәнебасқа да нысандардың құжаттарыаудан басшысы ұйытқысымен дайындалуда.Сонымен қатар, Елді мекендерді газдандыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Шаян-Жаңатас Газ құбырын жүргізу құрылыс жұмыстары жүруде.Жоғарыда айтылған жұмыстардың жүруіне жобалаушылар, техникалық бақылаушылар, сарапшылар құрылыс бағыты бойынша, ауданымыздың бағдарлама әкімшілер қызмет атқаруда, яғни ауданымыздың құрылыс саласының дамуына үлестерін қосып келеді.Елімізде, жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі болып аталып өтіледі. Осы мереке қарсаңында құрылыс саласының ардагерлерін, еңбек майданында жүрген құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің, ауданымыздың көркейіп-өсуіне атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға құт-береке, баянды бақыт, дендеріңізге саулық, өнегелі өмір тілеймін.

Дәуренбек Шалбаев,Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close