Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятҚоғамӘдебиет

Тараз қаласында Абай күні аталып өтті

Мемлекет басшысының шешімімен биыл, Абайдың 175 жылдығында Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні деп белгіленген болатын. Осыған орай бүгін Тараз қаласында Абай күні аталып өтті.

Таңғы 9 дан бастап өңірдегі Абай ескерткішінің маңында ақын шығармаларынан радиоконцерт қойылды.

Сондай-ақ, ескерткіш маңына Шоқан Уалиханов атындағы облыстық кітапхана ұлы ақынға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Мұнда ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, хикмет кітаптары қойылған. Бұған қоса, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруы аясында Абайдың нақыл сөздерінен көрме қойылып, «Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығының» аға ғылыми қызметкері, Абайтанушы Әлімбай Аманбайұлы дәріс оқыды.

— Абай сонау елде қиын замандардың өзінде қазақты қайткенде пұшпаққа шығарамын, өнерге, мәдениетке, ғылымға жеткіземін деп бар ақыл ойын сарп еткен ұлы перзентіміз. Осы перзентіміздің айтып кеткен өсиетін, жазып қалдырған жазбаларын халыққа жеткізу үшін бүгінгі күні Елбасымыз биылға жылды Абай жылы деп атады. Абай жылы құтты болсын! — деді өз сөзінде Әлімбай Аманбайұлы.

Бұдан кейін, ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

— Мемлекет басшысының шешімімен 10 тамыз Абай күні деп жарияланды. Бұл ұлттың ұлы руханиятына көрсетіліп отырған құрмет. Сондай-ақ жас ұрпақты келешек ұрпаққа тәрбиелеуде маңызы зор бастама. Абай Құнанбайұлы өзінің даналығы, ойшылдығымен адамзат тарихының, әдебиетінің алтын қорында қалған ұлы тұлға, — деп атап өтті  Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close