Басты бетЖаңалықтарСаясатСұхбатЭкономикаҚоғамӘлеумет

ТАЛАС АУДАНЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Шалғай жатқан ауылдардағы ахуал қандай? Жергілікті жерлерде нендей жұмыстар атқарылып, қандай мәселелер күн тәртібінде тұр? Аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру жиындары қалай өтті? Және осындай кездесулерде көтерілген мәселелер шешімін тауып жатыр ма? Халықты, жалпы не толғандырады? Осы тақылеттес сұрақтарымызды Талас ауданының әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевке қойып көрген едік.

Досмаханбет Қасымұлы, бүгінде өңірде әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері өтуде. Жалпы, мұндай жиындарды халық асыға күтеді десек те болады. Себебі, бұл қарапайым ауыл адамының өзін толғандыратын сұрақтарды әкімге тікелей қоюына мүмкіндік беретін алаң. Ендеше, Талас ауданында есеп беру жиыны қалай өтті?

−  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы атқарушы билік пен бұқара арасындағы ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ететіні сөзсіз. Жалпы, әкімдердің есеп беруі – атқарушы органдардың халықтың алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттырады. Яғни, халыққа атқарылған шаруалар мен алға қойылған жоспарымызбен бөлісуге мүмкіндік беретін жиын бұл. Халық та мұндай есепті асыға күтетіні рас. Себебі, өздерін толғандырған сұраққа жауап алады. Жалпы, ауданымыздағы есеп беру жиыны кестеге сай және өз деңгейінде өтті.

─  Өткен жыл аудан үшін несімен есте қалды?

−  Расында, ілгеріде қалған жылға көз тастасам, алтын уақыттың текке ысырап болмай, аудан халқына арналғанын көремін. Біз үшін, әрине әр минут қадірлі. Себебі, ауданымыздың дамуын ілгерілетіп, қарыштап алға қадам басамыз десек, уақытты тиімді пайдалануымыз керек. Бір жыл дегеніңіз аудан үшін қас-қағым сәт. Десек те, ол – халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауданымыздың көрсеткішін көтеруге кетті деп нық сеніммен айта аламын. Ал өткен жыл несімен есте қалды дегенге келсек, еліміз үшін табысты да берекелі жыл болды. Халықаралық және стратегиялық маңызы бар жетістіктерге қол жеткізілді. Каспий жағалауы елдерінің «Бесінші Каспий саммиті» өтіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалды. Сонымен қатар, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі» және «Жаһандық сын-тегеуріндер саммиті» атты ХІ Астана экономикалық форумы өтті. Ал аудан көлемінде айтар болсақ, барша қазақстандықтардың көңіліне қуаныш, көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатқан Елордамыз – Астананың 20 жылдық мерекесін жоғары дәрежеде атап өттік. Атаулы мереке аясында ауданымызда жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Сондай шаралар Қаратау қаласында 70 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй, 50 орындық «Елдана», «Асыл КИДС» балабақшалары және Тамды ауылында спорт алаңының ашылу рәсімдері өткізілді.

Сонымен қатар, тарихи оқиғалардың бірі – Талас ауданының 90 жылдық мерекесіне орай өткізілген салтанатты шаралардың жоғары дәрежеде өтуіне өздеріңіз де куә болдыңыздар.

Иә, расында Талас ауданының 90 жылдық мерекесі аясында бірқатар іс­шаралар өткен еді. Солардың біреуіне ерекше тоқталып өткіміз келіп отыр. Ол өзіңіздің бастамаңызбен Таластан шыққан белгілі азаматтармен өткен кездесу. Бұл бір үлгі боларлық бастама деп ойлаймыз. Ендеше, өзіңіз тарқатып айтып берсеңіз…

−  Талас ауданынан талай ақындар мен жазушылар, көптеген Еңбек Ерлері шыққан. Бұл кісілердің бәрі де бүгінде қазақтың мақтанышына айналып үлгерді. Ол кісілерді құрметтеп, есімдерін жас ұрпаққа насихаттау бізге міндет деп ойлаймын. Қаламгерлер қауымы ұлттың сөзін сөйлейтін адамдар ғой. Сондықтан Таластан шыққан бірқатар азаматтармен кездесу өткізіп, рухани әсер алдық.

─  Ал енді аудан әкімдігінің жұмысы туралы айтып өтсеңіз. Өткен жылы ауданда қандай шаруалар атқарылды?

−  2018 жылы аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі арқасында ауқымды міндеттерді жүзеге асырып, барлық сала бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Жалпы, аудан әкімдігінің жұмысы туралы айтқанда соңғы кездері әр ауылдық округте бой көтеріп жатқан жаңа ғимараттар мен жүргізілген құрылыс, жөнделіп жатқан жолдар мен ашылған жұмыс орындарынан мысалды көптеп келтіруге болады. Әрине, көп мәселенің шешіміне уақыт пен қаржы төрелік ететіні жасырын емес. Дегенмен, жылжыған уақытпен бірге барлық салада біршама оң өзгерістер бар. Мәселен, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданнан шыққан беделді, жомарт жандардың қолдауымен Ақкөл ауылында «Бақ құсы» монументі, «Күрес» кешені, Ойық ауылында Бөлтірік шешен кесенесінің айналасын аббаттандыру жұмыстары, Қаратау қаласының орталығында «Ауданның Құрметті азаматтарына» арналған стелла, Үшарал ауылында «Шегебай батыр» кесенесі ашылды. Кеңес ауылдық округінде тозығы жеткен көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл игілікті шаралар өз жалғасын алдағы уақытта да табатын болады.

  2018 жылдың 5 қазандағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылып, атқарылуда.  

─  Дей тұрғанмен, басты, негізгі мәселелерді айтып өткеніміз жөн болар. Мәселен, ауыл халқының күнкөріс көзі саналатын ауыл шаруашылығынан бастасақ…

−  Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдері 10 миллиард 954 миллион теңгеге өндіріліп, 103,5 пайызға орындалды. Малсанына келер болсақ, 2017 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 25 470-ті құрап, 14 пайызға өсті; қой-ешкі  362 640-ты құрап, 9,8 пайызға өсті; жылқы 10 354-ті құрап, 17,9 пайызға өсті; түйе 2083, 5,8 пайызға өсті;үй-құстары 35420, яғни 47,1 пайызға өсті. 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 12 мың 169  тонна, яғни 102,5 пайызға өскен, сүт 7 мың 821 тонна, яғни 102,6 пайызға өсті, жүн 465 тонна 700 кг, яғни 105,1 пайызға артқан, жұмыртқа 3 миллион 520 мың дана (78,0 пайыз) алынды.

  Қазіргі таңда ауданда 8 мүйізді ірі қара, 6 қой бордақылау алаңдары бар. «Сыбаға», «Іскер» бағдарламасы бойынша  24 шаруа қожалықтары 190 миллион 475 мың тенге несие алды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінен қабылданған  295 құжаттар бойынша барлығы 281 миллион 157  мың теңге субсидия бөлінді. Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы бойынша қант қызылшасының 180 себу бірлігі тұқымына  2 миллион 553 мың теңге және қант зауытына өткізілген өнімі үшін 32 миллион 904 мың теңге субсидия алды.

  Жайылымдықтарды суландыру бағдарламасы бойынша жоспар 25 құдық болса, 37 құдық қазылды. Сонымен қатар, күн сәулесінен қуат алатын 12 қондырғы орнатылды. Күзгі егіс-дала жұмыстары жайлы айтар болсақ, өткен жылы 11 мың 251 гектар (104 %) жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (жоспар 10 мың 978 гектар). 2019 жылдың өнімі үшін 4000 гектар күздік бидай себілді (жоспар 3200 га). Жаңадан 4 «Белорусь» тракторлары және 11 агрегат сатып  алынды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көрсетілген әлеуметтік көмекке келсек, 2018 жылға 27 маманға көтерме жәрдемақы үшін 4 миллион 545 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін 17 маманға 50 миллион 988 мың теңге несие берілді.

─  Жалпы өндірілген өнімнің көлемі және инвестициялар мен инвестициялық жобалар бойынша да айтып өтсеңіз…

− Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 36 миллиард 67 миллион теңгені құрап, 106,1 пайызға орындалды.  Өнеркәсіп өнімдері 18 миллиард 363 миллион 500 мың теңгеге өндіріліп, 4 миллиард 76 миллион 700 мың теңгеге артты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 128,5 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 106,3 пайызға құрады.

  Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14 миллиард 607 миллион 200 мың теңгені құрап, 2017 жылымен салыстырғанда (11 млрд. 174 млн 700 мың теңге) 3 миллиард 432 миллион 500 мың теңгеге артып, 130,7 пайызға орындалды. Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша 18 миллиард 211 миллион 700 мың теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Нақты тоқталсақ, жылына 15 000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жылына 300 мың тонна цемент өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС. 

  Қазіргі таңда ауданда 5 инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Ауданда құны 1 миллиард 867 миллион 600 мың теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС Қызыләуіт ауылдық округінде 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары барысында 25 адамды құрайтын мердігер ұйым жұмысқа тартылатын болады. Сонымен қатар, жоба іске асқанда жаңа 12 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1 миллиард 142 миллион 200 мың теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ, жалпы құны 1 миллиард 867 миллион 600 мың теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Electricity» ЖШС-не аудандағы индустриялық аймақтан Қызыләуіт ауылдық округінде 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Қазіргі таңда жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Құрылыс жұмыстарына 25 адамды құрайтын мердігер ұйым тартылатын болады. Жоба іске асқанда 10 жұмыс орыны ашылады. Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 2 миллиард 100 миллион теңгеге шетел кәсіпорнымен контракт жасалды. Сонымен қатар, «Азмина Мрамор» ЖШС мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. 2015 жылы 299 мың теңгеге 120 тонна өнім өндірді. 2016 жылы 1 миллион 200 мың теңгеге 369 тонна өнім өндірді. 2017 жылы 2 миллион 586 мың теңгеге 751 тонна өнім өндірді. Қазіргі таңда 8 адам жұмыс атқарады. Шыққан қалдықтарды өңдеу мақсатында мәрмәр ұнтағын шығаратын құрал-жабдықтар орнатылып, іске қосылды. «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС 2018 жылдың шілде айында іске қосылып, мрамор қалдықтарынан мраморлық ұнтақтар шығаруды бастады. Кәсіпорында 6 адам жұмыс жасайды. Іске қосылғаннан бері кәсіпорын 140 тонна мәрмәр қиыршық тас, 20 тонна ұсақталған мәрмәр тасы, 361 тонна мәрмәр ұнтағын өндірді. Ал, «Амангелді ГАЗ» ЖШС-нің «Айрақты» кен орнында ұңғымалар ашылады. Жоба құны 5 миллиард 446 миллион теңгені құрайды. Жоба іске асқанда 140 млн м3 табиғи газ өндіретін болады және 6 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда «Айрақты» кен орны 5 ұңғымадан тұрады, оның ішінде 3 ұңғыма бұрғыланған, 2 ұңғыма бұрғылануда.

─  Кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті адамға мемлекет тарапынан қолдау көп. Осы мүмкіндікті пайдаланып жатқан жерлестеріңіз аз емес шығар…

−  Әрине, бүгінде кәсіпкерлік саласында түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Және ауылда тұратын азаматтар одан шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2018 жылы  152 миллион 500 мың теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы 6 жобаға 51 миллион 700 мың теңгенің кепілдік сомасы жүзеге асырылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 56 миллион 300 мың теңгені құрайтын 7 жоба оң шешімін алды. «Береке 3» несиелеу бағдарламасымен 2 кәсіпкер жалпы сомасы 12 миллион 200 мың теңгеге несие алуға оң шешім алса, «Әйел кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 кәсіпкер 6 миллион теңге несие алды. Бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктерден 56 миллион 300 мың теңгені құрайтын 7 жоба оң шешімін тапты. 1 жоба бүгінгі күнге екінші деңгейлі банктердің қарауында.

  «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы несие сомасы 16 миллион теңгені құрайтын 2 жобаға 12 миллион 900 мың теңгенің кепілдік сомасы  жүзеге асырылды (Жиһаз жасау үйін жандандыру). Бұдан бөлек «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қорына Қаратау қаласы бойынша 175 миллион теңгеге 50 жобаның тізімі жолданып, 64 миллион 400 мың тенгенің 18 жобасы мақұлданып отыр. Бұл бағытта «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қорының мамандарымен жұмыс жүргізілуде.

  «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында 157 адам оқып, сертификат алды. «Әулиеата» несие беру серіктестігі арқылы жыл басынан бері Талас ауданы бойынша жалпы 115 миллион 775 мың теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асырылды. «Іскер» бағдарламасы аясында 14 жеке кәсіпкер 70 миллион теңге несие алды. Несиелерді алған бағдарламалар бойынша талдайтын болсақ, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 82 миллион 700 мың теңгенің 7 жобасы, «Игілік» бағдарламасы арқылы 99 миллион 300 мың теңгенің 30 жобасы, «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы ұсынылған 10 миллион теңгенің 2 жобасы. «Атамекен» шағын несие беру ұйымы арқылы 6 миллион теңгенің 2 жобасы оң шешімін алған.

«KMF» микроқаржылық ұйымы арқылы жыл басынан бері жалпы сомасы 1 миллиард 89 миллион теңге болатын 2890 несие берілген. Оның ішінде «Агро» бағдарламасы арқылы 521 миллион 300 мың теңгенің 1242 несиесі, «Бизнес» бағдарламасы арқылы 245 миллион 900 мың теңгенің 418 несиесі және «Тұтынушылық несиелендіру» бағдарламасы арқылы 322 миллион теңгенің 1230 несиесі бар.

─  Жалпы, кәсіпкерлік саласы бойынша айтып өтсеңіз. Ауданда қанша кәсіпкер бар және олар қанша адамды жұмыспен қамтып отыр дегендей.

−  2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2218 субъектісі тіркелген, олардың ішінде 135 шағын кәсіпорын, 1321 жеке кәсіпкер және 762 шаруа қожалық бар. Осы тіркелген субъектілердің 1908 немесе 86 пайызы жұмыс істейді. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 5328 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 1393 адам шағын кәсіпорындарда, 3935 адам жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді.

  2018 жылы жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 1 миллиард 510 миллион теңгені құрап, 2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 9,2 пайызға өсіп, 127 миллион 700 мың теңгеге артық  орындалды.

─  Ал ветеринария саласында оңды өзгерістер болды ма?

−  Әрине, бұл салада да біршама жаңалықтарымыз бар. Алдымен бөлінген қаржыдан бастасақ, ветеринария саласындағы қызметтер үшін жергілікті бюджеттен 147 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2018 жылы бекітілген нысаналы индикаторлық  жоспарға  сәйкес, 4 ауылдық округте, яғни Ақкөл, Кеңес, Үшарал, Тамды ауылдарында ветеринариялық пункттерді ғимаратпен  қамту үшін 4 ғимарат анықталып, жалға беру туралы аталған ауыл әкімдері  және  Талас ауданы әкімдігінің  «Ветеринарлық қызметі» мекемесі арасында  келісімшарт  жасалды. Уақ малдарды  шомылдыруға  арналған 3 тоғытпаның (Ойық, Кеңес, Үшарал) құжаттары рәсімделіп, мемлекеттік актілері алынды. Берікқара ауылдық округіндегі 1 тоғытпа дайын, құжаттары рәсімделуде. Жоспар бойынша мал емдеуге арналған 8 алаңшаның барлығы жасалды. Сондай-ақ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан Кеңес, Үшарал ауылдық округтерінде 1-2-3 кезеңге (көктем-күз) 16 миллион 810 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Және 2 миллион 519 мың теңгеге кенеге қарсы қажетті дәрі дәрмек алынды. Ойық, Үшарал, Кеңес ауылдық округтерінде 6 649 мүйізді ірі қара, 88 896 уақ мал, 2 072 жылқы, 564 түйе залалсыздандырылды.

  Мал сою алаңдары мен биотермиялық шұңқырлар туралы айтар болсақ, аудан бойынша 3 модуль типтік мал сою алаңы орналасқан. Олар Қаратау қаласында және Ойық, Бостандық ауылдарында. Мал сою алаңдарында өткен жылы 1031 қой-ешкі, 293 мүйізді ірі қара, 149 жылқы, 4 түйе, 114 шошқа сойылған. 4 ауылдық округте және Қаратау қаласында биотермиялық шұңқырлар бар, олар Бостандық, Ойық, Үшарал, Қызыләуіт ауылдарында. Биотермиялық щұңқырлардың жұмыс істеп, күтіп ұсталуына жауапты мамандар бекітілген. Өлген мал мен атылып жойылған ит, мысықтар осы орындарға тасталады. Осы нысандардың бәріне мемлекеттік құжаттарымен қатар, экологиялық  рұқсат беру құжаттары алынып, рәсімделген.

─  Бүгінде ауыл халқын көгілдір отын мәселесі көп мазалайтыны белгілі. Ал бұл мәселе сіз басқарып отырған ауданда қалай шешіліп жатыр?

−  Ауданымыздағы 24 елді мекеннің ішінен Қаратау қаласына және 14 ауылдық елді мекенге газ құбыры ауылға дейін жеткізілген. Жалпы санынан 58,3 пайыз.Талас ауданының 5 пунктіне, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр ауылдарына және Сарысу ауданының 4 пунктіне, Әбілдә, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол ауылдарына таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 миллиард 344 миллион 588 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

  Газдандырылған 5 елді мекенде орналасқан фельдшерлі-акушерлік пункті, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттерді газдандыру үшін облыстық бюджеттен 3 миллион 606 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

─  Ауыз су мәселесіне келейікші. Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі туралы не айтасыз?

−  «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің қазіргі таңда 13 ауылдық елді мекеннің су жүйелеріне қосылған, немесе 75,3 пайызды құрайды. Олар Көшек, Тамабек, Аққұм, Бостандық, Талапты, Тамды, Ақкөл, Үшарал, Бөлтірік, С.Шәкіров, Көктал, Қызыләуіт және Ойық елді мекендері.

2017 жылдың өтпелі нысаны Қызыләуіт ауылының су жүйесінің  құрылысына  2018 жылға 249 миллион 161 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Сметалық құны 436 миллион 49 мың теңге. Сонымен қатар, Қаратау ауылдық округі Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 миллион 201 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сметалық құны 650 миллион теңге.

─  Есепті кездесуде көп көтерілетін сұрақтардың бірі – жол мәселесі екені белгілі ғой. Ендеше, осы туралы тарқатып айтып берсеңіз.

−  Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 439 миллион 484 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Оңын ішінде      

«Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» 27 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 280 миллион 484 мың теңге, «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» 10 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 115 миллион теңге бөлінген. Аталған нысан ауыспалы, жоба құны 269 миллион 907 мың теңге. Сонымен қатар, «Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент» 56 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 44 миллион теңге бөлінді. Аталған нысан ауыспалы, жоба құны 2 миллиард 100 миллион теңге.

  Аудандық мәндегі және қалаішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 595 миллион 800 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде Қаратау қаласындағы 2,2 шақырым Төле би көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 99 миллион 584 мың теңге, С.Шәкіров ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 140 миллион 388 мың теңге, «Ойық-Бөлтірік шешен-Көшек батыр-Үшарал» 20,2 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 355 миллион 828 мың теңге. Бұдан бөлек, 2018 жылы «Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы аясында Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелерін және А.Шейн, Т.Рысқұлов пен орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 164 миллион 819 мың теңге бөлінді. Жалпы көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым. Бүгінгі күнге жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ауылдық округтер бойынша 744 миллион 438 мың теңге (25 жол) және Қаратау қаласы бойынша 404 миллион 538 мың теңге (12 жол), барлығы 1 миллиард 148 миллион 976 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар жасалып, тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер берілді.

─  Ал тұрғын үйге кезекке тұрған азаматтардың мәселесін қалай шешіп жатырсыздар?

−  Ауданда 2019 жылдың 1 қаңтарына тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың саны 1807 адамды құрады. «Қол жетімді баспана – 2020»бағдарламасы аясында Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №49, 51 және 5 мөлтек аудандағы №51, 52, 55, 58 тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға және инфрақұрылымды қайта құруға2018 жылға 870 миллион 408 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 27 752 шаршы метр немесе 440 пәтер.

  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 2018 жылы Қаратау қаласында Ақшораев көшесі №9 үйдің (сметалық құны 16 миллион 737 мың теңге) жертөлесі, кіреберістері мен айналасын абаттандыру жұмыстары және 3 мөлтек ауданы №26 үйдің шатыры, жертөле және үйдің төңірегін абаттандыру жұмыстары жүргізілді (сметалық құны 14 миллион 400 мың теңге). Сонымен қатар, Қаратау қаласы Санырық батыр көшесі №5 (сметалық құны 8 миллион 800 мың теңге) және 3 мөлтек ауданы №20 (смета құны 7023018 теңге) көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарының келісімдері алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде (жертөле, инженерлік жүйелері және кіреберіс).

 ─ Аудан халқының әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы қай деңгейде? Және жұмыссыздықпен қалай күресіп жатырсыздар?

−  Жалпы, аудан халқының саны 55182 адам. Қалада 30218 адам, ауылда 24964 адам тұрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 572 адамға өскен. Ал енді осы халықтың орташа айлық жалақысы 79525 теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға өскен. Жалпы әлеуметтік көмекке 2018 жылы 172 миллион 653 мың теңге қаралды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке 138 441,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 27 000,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек беру бойынша 7212,0 мың теңге қарастырылған.

  2018 жылы ауданда бейімдеуге жататын (пандус) әлеуметтік инфрақұрылымның 11 нысанына 4 миллион 831 мың теңге бөлінді. Ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны – 892. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 2884 адамнан жұмыспен қамтылғандар саны  2480 адам, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 1 658, жастар тәжірибесіне – 200 адам, оның 140 адамы тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына –  32 адам, оның 31 адамы тұрақты жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарымен 590 адам қамтылған. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 86 пайызды құрады.

  Қысқа мерзімді қайта даярлау курсымен қамтуға облыстық бюджеттен  38 миллион 200 мың теңге бөлініп, 281 адам оқуға жолданды. Оқушылар слесарь, автоэлектрик, техник-программист, тігінші, токарь, аспазшы, жиһаз құрастырушы, дәнекерлеуші мамандығын алып шығады. 2018 жылы 207 азамат оқуын аяқтап, оның 134-і тұрақты жұмыс орындарына орналасып, жоспар 64,7 пайызға орындалды. Кәсіпкерлікті дамытуға 2018 жылға жұмыссыз азаматтардың кәсібін ашып дамыту мақсатында 82 адам 303 миллион 200 мың теңге несие алды.

─ Бірінші байлық саналатын денсаулық сақтау саласына қаншалықты көңіл бөлінеді?

 − Аудан тұрғындарына аудандық орталық аурухана (153 төсек), емхана ( бір ауысымда 250 адам қабылдайды), 7 – дәрігерлік амбулатория, 6 – фельдшерлік  акушерлік пункт, 13 – медициналық пункт қызмет көрсетеді. Аудандық орталық ауруханаға қарасты мекемелерде 785адам жұмыс істейді. 2018 жылы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында Тұрымқұл және Сейілбек ауылдарында 5 келушіге арналған медициналық пункттер салынып, халықтың игілігіне  берілді.

─  Ал білім беруде нендей жаңашылдықтар бар? Цифрлық білім беру, мектептерді жаңа құрылғылармен жабдықтау деген сияқты. Ауданда апатты жағдайдағы мектеп бар ма?

−  Ауданда 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 35 мектеп, 23 балабақша (4 балабақша жекеменшік), 16 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 35 мектептегі 590 сыныпта 9 мың 32 оқушы білім алса, мектепалды даярлық сыныптарында 903, балабақшаларда 2152 және мектеп жанындағы шағын орталықтарда 645 бала тәрбиеленуде.

  Ал сіз айтқан цифрлық білім беру инфрақұрылымын дамытуға 39 миллион 617 мың теңге бөлінді, оның ішінде 4 мегабит/сек.тан жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамту үшін 33 мектепке 15 миллион 798 мың теңге, сандық білім беру ресурстарымен қамтуға 6 миллион 650 мың теңге және 75 дана интерактивті құрылғылар (компьютер, экран, проектор) 17 миллион 169 мың теңгеге сатып алынып, жеткізілді. Жергілікті бюджеттен 185 компьютер сатып алуға 18 миллион 288 мың теңге бөлініп, 14 миллион 66 мың теңгеге сатып алынды. Сонымен қатар, робототехника кабинеттерімен жабдықтау үшін 27 миллион 606 мың теңге бөлініп, 3 дана робототехника кабинеті сатып алынды. Жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтауға жалпы 111 миллион 372 мың теңге бөлініп, барлығы 17 кабинет жабдықталды. Мектептерге 4 секциялы 1027 дана шкаф сатып алуға 46 миллион 215 мың теңге бөлініп, толық сатып алынды. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу үшін (кітап) 110 миллион 535 мың теңге бөлініп, оқулықтар толығымен жеткізілді.

  Елбасының бағдарламалық құжаттарының арқасында облыс басшылығының қолдауымен ауданда болған 6 апатты жағдайдағы мектептің соңғысы Қасқабұлақ ауылында 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысына 2018 жылы нысанды аяқтауға 283 миллион 739 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Сметалық құны 483 миллион 739 мың теңге.

─  Жастарға арналған «Коворкинг орталығы» ашылғанын білеміз. Бұл орталық жастарға не береді?

−  Иә, расында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында 2018 жылдың 28 тамыз күні Талас аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Жастарға арналған «Коворкинг орталығы» бірнеше салаға бөлінген: жұмыс орны – Интернетке қосылған компьютер, пайдаланушыларға жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі – WI-FI аймағы  бар. Материалдық-техникалық базасына аудандық бюджеттен 3 миллион 950 мың теңге бөлінді. Жалпы, орталықта барлық санаттағы келушілерге мол мүмкіндіктер қарастырылған. Аталмыш залда офлайн-онлайн форматында республика, облыс, қала деңгейіндегі түрлі сала мамандарының қатысуымен іс-шаралар өткізу, пікір алмасу, жүздесу, еркін ой бөлісу, семинар, тренинг, шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік жасалған. Орталықта дебат, тренинг, шеберлік сыныбы, ақын-жазушылармен кездесу кештері өтеді. Орталықта келушілерге қызмет көрсететін бірнеше түрлі жағдайлар жасалған, теледидар, шахмат, шашка, дойбы үстелдері орналастырылған. Жалпы Талас ауданында статистикалық мәлімет бойынша 13 864 жас бар, ол халық санының 25,5 пайызын құрайды.

Ал аудандағы қылмыс бойынша ахуал қалай?

2018 жылдың 12 айында 2017 жылмен салыстырғанда аудан аумағында жалпы қылмыстар 7,3 пайызға немесе 246-дан 228-ге дейін төмендеген. Жалпы қылмыстардың ішінде 2017 жылмен салыстырғанда мүліктік ұрлық қылмыстары 143-тен 127-ге төмендеген, оның ішінде пәтер ұрлығы 31-ден  25-ке, мал ұрлығы 47-ден 31-ге және ұялы телефон ұрлығы 19-дан 9-ға дейін төмендеген. 2018 жылдың 12-айының қорытындысы бойынша жалпы 127 бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау дерегі тіркелген. Ал қоғамдық орындардағы қылмыстар 2017 жылмен салыстырғанда 40-тан 36-ға төмендесе, көшеде болған қылмыс 16-дан 20-ға дейін өскен. Жалпы ұрлық қылмысының ашылу пайызы 58,5-тен 77,3-ке дейін өскен.

Сұхбатымызды қорытындыламас бұрын алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз. Оның ішінде биыл, яғни 2019 жылы қандай жұмыстар атқарылады?

 − Аудан басқару ісінде алдағы бірнеше жылға жоспар құрылады. Жалпы, белгілі бір мақсатқа жету үшін нақты жоспар мен оған негізделген межелі міндеттердің болуы заңдылық қой. Олай болмаған жағдайда жұмыстың алға баспасы анық. Біздің де ойға алған ісіміз көп. Олардың басым көпшілігі жүзеге асты. Биылғы жылдың еншісіне қалғандары да бар. Енді соларға тоқталар болсақ, ауданда 2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден көптеген қаражаттар бөлінген, атап айтқанда: Есейхан ауылындағы су жүйесінің құрылысын аяқтауға 318 миллион 656 мың теңге (2018 жылы 302 151,0 мың теңге бөлінген); Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 767 миллион 178 мың теңге; Ақкөл-Талапты 32 шақырым жолды орташа жөндеуге 501 миллион 673 мың теңге; Ақкөл ауылындағы Ақкөл орта мектебіне контейнерлік блокты-модульдік қазандықты сатып алу және орнату жұмыстарына 24 миллион 280 мың теңге; Үшарал ауылында спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 33 миллион 108 мың теңге (2018 жылы 195 миллион теңге бөлінген); Талас ауданының 5 пунктіне (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 пунктіне (Әбілдә, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) таратылатын газ құбырын салуға 279 миллион 157 мың теңге  (2017 жылы 2 млрд 99 миллион 856 мың теңге және 2018 жылы 2 миллион 344 миллион 588 мың теңге бөлінген); Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында Арал және Қайыр ауылдарында 5 келушіге арналған медициналық пункттерді соғу; «Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас – Саудакент» 19 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 138 миллион 461 мың теңге; «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» 10 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 154 миллион 907 мың теңге; «Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент» 56 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 970 миллион теңге; Талас ауданындағы АГРС (автоматты газ тарату станциясы) Билікөл құрылысы нысанына ЖСҚ әзірлеуге және МС өткізуге  2 миллион 11 мың теңге бөлінді.

─  Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың инженерлік жүйелерін тартуда қандай жұмыстар атқарылуда?

−  Сонымен қатар, аудандық бюджеттен Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың инженерлік жүйелерін (әлеуметтік нысандар, көп қабатты тұрғын үйлер) келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына қосымша 62 миллион 892 мың теңге (Жоба құны 67 миллион 892 мың теңге, 2018 жылы 5000,0 мың теңге бөлінген); Қаратау қаласындағы 5 мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарына 10 миллион 631 мың теңге; Қаратау қаласындағы Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, А.Пушкин және А.Молдағұлова көшелерін абаттандыру жұмыстарына 7 миллион теңге; Қаратау қаласындағы Саңырақ батыр және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы скверді абаттандыру жұмыстарына 7 миллион 17 мың теңге бөлінді.

  Бұдан бөлек, халықтың жағдайын жақсарту үшін бірнеше жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, атап айтқанда Майтөбе ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 3 миллион 696 мың теңге бөлініп, ЖСҚ жасалып, МС өткізілді. Жоба құны 336 миллион 707 мың теңге. Көктал су қоймасынан шығатын су құбырының диаметрі 530 (мм), 32 шақырымды құрайды. Ауыз су жүйесі 1963 жылы пайдалануға берілген. Аталған су қоймасынан  «Көктал» шипажайы, Көктал ауылы және Қаратау қаласының жеке тұрғын үй секторлары ауыз сумен 24 сағат қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда Көктал су қоймасынан тартылған су жүйесі құбыры коррозиялық жағдайда ескіріп, тозығы жетіп авариялық жағдайда. Аталған мәселе бойынша  жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 11 миллион 609 мың теңге бөлініп, ЖСҚ жасалды, жоба құны 2 миллиард 396 миллион теңге.

  «Кирпичный» су қоймасынан Қаратау қаласының «Игілік» КМК-ның жылу қазандығына дейін 4,6 шақырымды, диаметрі 330 мм су құбыры құрайды. Аталған су құбыры 1984 жылы пайдалануға берілген. 30 жылдан аса пайдаланылған су құбыры коррозиялық тозығы жетіп, жиі тесіліп тұрады. Аталған құбырмен Қаратау қаласының орталық жылу қазандығына жылыту маусымында су алады. Ал «Талас инвестмент компании» ЖШС және «Жамбыл-Недр» ЖШС тұрақты жыл бойы сумен қамтылады. Сол себепті резервті су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға 11 миллион 365 мың теңге облыстық бюджеттен бөлініп, ЖСҚ жасалды, жоба құны 571 миллион 719 мың теңге. Қаратау қаласының тұрғын үй қорында 138 шағын және көпқабатты тұрғын үй бар. Одан бөлек  қалада 14 проблемалық көпқабатты үй тіркелген. Оның ішіндегі 12 үй егесіз мүлік ретінде Талас аудандық әділет басқармасында есепке алынған, 2 үй коммуналдық меншікке алынып, тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және инфрақұрылымын қайта құруға  жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге 7 миллион 750 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, жасалды, жоба құны 760 миллион теңге. МС-ға өткізу үшін құрылыс басқармасынан келісім алуға жолданды. Талас ауданы Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр елді мекендерінде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және МС өткізуімен облыстық бюджеттен 23 миллион 558 мың теңге бөлініп, ЖСҚ жасалған. Сметалық құны 516 миллион 999 мың теңге. Қазіргі таңда МС өтуде.

  Талас ауданының 3 елді мекенінің (Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе) газ құбырын жеткізуге жобаның ЖСҚ әзірлеуге және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге облыстың бюджеттен 2017 жылы 44 миллион 796 мың теңге бөлініп, ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның құны 3 миллиард 221 миллион 700 мың теңге. Республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат алуға өтінім берілді.     

─  Әңгімемізді қорытындыласақ. Сұхбат соңында не айтасыз?

 − 2018 жылдың 5 қазанындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтар мен міндеттер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық тұрғыда жаңғыртудың жалғасы іспеттес. Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыру мақсатында нақты атқарылатын іс-шараларды, жік-жікке бөле отырып  бағыттарын айқындап берді. Осы бағытта берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында бірлескен шаралар атқарылатын болады.

  Алда бізді асқаралы асулар күтіп тұр. Саналы ой, сапалы білім, ел мен жерге деген сүйіспеншілік, көпшілікке деген құрметімізді жоғалтпай, бір мақсат, бір мүдде жолында келер ұрпақтың нұрлы болашағы үшін аянбай еңбек етеміз.

  Өткен күннің дұрысы – өнеге, бұрысы – сабақ демекші, жеткен жетістігіміздің қайсысы болсын үлкен еңбекпен, зор ізденіспен келгенін айтқым келеді. Істеу қиын, сынау оңай демекші, бүгінде қолда барға береке тілейміз. «Терлей-терлей тоған байласаң, қызара бөртіп су ішерсің» дегендей, жұмыстың қиынынан қашқан жеріміз жоқ. Көптің көңілінен шығу да оңай емес қой. Алайда ынтымағымыз бұзылмаса екен деп тілеймін.

  Әрине, ауданымыздың әлеуеті жоғары екені жерлестеріміз үшін зор мақтаныш. Осы биігіміз аласармай, алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіміз керек. Ауыл шаруашылығы ғана емес, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласында да жақсы жетістіктеріміз баршылық, алдағы уақытта да ілгерілей түсуге мүмкіндік зор. Болашақта ауданымыз бұдан да гүлденіп, дамып, құлпыра түсетін болады.

Әңгімеңізге рақмет!

 Сұхбатты әзірлеген

«Ақпарақ» Ақпарат агенттігі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close