Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мақсат – халық үніне құлақ асу

Апта басында «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында аудандарды аралап, халықпен тығыз байланыс орнатуды көздеген «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының өкілдерін аудан әкімі Сәкен Арубаев Өнер мектебінде қарсы алып, жиынға қатысушыларға таныстырды.

Ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, адамгершілік құндылықтарға үндеу, қараша халықтың арасынан төбе көрсетіп, олардың базынасын тыңдау, шешу жолдарын қарастыру, еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұлтаралық толеранттылық рөлін арттыруды жалау еткен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков бастаған жергілікті атқарушы органның құрамында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымов, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков, облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ернар Есіркепов, облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тажиков, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Раушан Ердебаева бар.
Жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына бүгінгі топтың жұмысына серпін беру қажеттігін, толғандырған мәселелерді бүгіп қалмай, керісінше ақпараттық-түсіндіру тобына ашып көрсету керектігін басып айтып, топ мүшелеріне сәттілік тіледі. Мұнан соң алқалы топ аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығында» аудан тұрғындарымен жүздесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close