Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында өрттің алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану факторы екені баршамызға мәлім. Осы орайда тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында аудандық ТЖ қызметінің мамандары Өрнек ауылдық округіне қарасты елді мекендерге рейд жүргізді.

Тексеру барысында тұрғындарға өрт жағдайының алды алу ережелері мен талаптары түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Есте сақтаңыз Заңды білмеу оның алдында жауап беруден босатпайды, сондықтан өрт шығу факторларының алдын алу сіздің қолыңызда, әрі төмендегі қағиданы ұстаңғаныңыз абзал:
Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға болады. Төсекте жатып шылым шегуге болмайды, өйткені ұйықтап қалып, жанып жатқан темекіден төсек орын жанып, өрт шығу қауіпі бар.
Кейбір азаматтар қораларға, қоймаларға, шатырға кірген кезде шырақ жағады. Ашық отты пайдалану ерекше сақтықты талап етеді. Шатыр бөлмелерін, сатыларды, дәліздерді әр түрлі қосалқы бөлмелерді шеберханалар орнына пайдалануға және үй тұрмыстық заттарымен бөгеп тастауға болмайды. Шатырларды әр қашан тазалықта ұстау керек. Тоқ өткізу жүйелеріндегі ақаулар кесірінен, болған өрттердің санағы бойынша, өрттің көбінесе дұрыс орнатылмаған, және дұрыс қолданылмаған, электр қондырғылардың кесірінен болатындығы белгіленді. Ерте ме кеш пе, дұрыс орнатылмаған желілер, қате жалғанған кабельдер, сақтандырғыштардағы ақаулар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. От басыңызды өрт пен тоқтан, зақымдаудан сақтау үшін бірқатар ережелерді сақтау қажет: бір уақытта желіге қосылған бірнеше электроқұрылғылар тоқ жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі және ол өрт туындауының себепшісі болуы мүмкін;
-егер сіз тұрмыстық техниканы іске қосқанда және сөндіргенде, ұшқын көрсеңіз немесе электроқұрылғыларды желіге қосқанда розеткалар қыза бастаса, ол желілердің ішінде ақау бар деген сөз. Өрт қауіпінің алдын алу үшін розеткаларды ауыстыру қажет;
-есіңізде болсын, сақтандырғыштар электр жүйелерінің тұйықталуынан сақтайды, бірақ өрттің алдын алмайды. Сол себепті тұрмыста арзан розеткалар мен ұзартқыштарды қолданбаңыздар, себебі олар өрт қауіпін көп еселейді. Өз қауіпсіздігіңізді үнемдемеңіз, тек қана сапалы электрқұрылғыларды пайдаланыңыздар. Егер құрылғыны тоқ көзіне қосқанда, бөлме жарығында ақау пайда болса, ол тоқ жүйелерінде, шамадан тыс жүктеу бар екендігінің белгісі. Бұл міндетті түрде дұрыс жұмыс істемеген тоқ жүйелерінің кесірінен емес, көп жағдайда ақау, дұрыс орнатылмаған желілер мен нашар тартылған қосылулардан болады. Ал, бұл өрттің бірден-бір себепшісі. Мұндай жағдайда міндетті түрде электршіні шақырту қажет. Өрттің шығуы тұрғын үйдің ескілігінен, ескірген электр жүйелерінен, ал ең бастысы, өрт қауіпсіздігін сақтамаған тоқ желілеріне немқұрайлы қараған тұрғындардың кесірінен шығады.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» нөмірен теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және сіздің оны тұйықтауға шамаңыз келмесе, электражыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонын сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден кетіңіз.

Жамбыл аудандық ТЖ қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close