Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараздықтар «Ынтымақ» күнін атап өтті

Бүгін тараздықтар Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ұйымдастырылған «Ынтымақ» күнін атап өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ».

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, суретшілер және қолөнер шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, қала қонақтары мен тұрғындары қатысқан іс-шарада этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынса, қоғам белсенділері мен меценаттар құттықтау сөз сөйледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close