Басты бетЖаңалықтарСаясатСпортҚоғам

Жамбылда жастар марафоны өтті

Бүгін Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдау және «Жастар жылының» салтанатты ашылуына орай, Таразда Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Жастар марафоны» өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Аталған шараға университеттің профессор, оқытушылар құрамымен қатар, өңірдің белсенді жастары да қатысты. Марафон көне шаһардағы Төле би даңғылы бойымен, яғни Тараз Мемлекеттік университетінен басталып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін жалғасты.

  Марафон соңында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Жастар жылына» арналған «Бастау» жинағының тұсаукесері өтті. Аталған жинаққа Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінің белсенді жастары туралы мәлімет енгізілген.  Сонымен қатар, жастардың Жамбыл өңіріндегі тарихи орындарға танымдық, студенттік туризм жобасының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Марафоннан соң университеттің белсенді жастары Тараз қаласындағы тарихи орындарға саяхат жасап, ары қарай ортағасырлық Ақыртас кешеніне жол тартты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close