Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында жел электр станциясының құрылысы басталды

Жамбыл облысы Сарысу ауданында жел электр станциясының құрылысы басталды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек құрылыс басына арнайы барып, жұмысымен танысып қайтты. Жел электр станциясы – желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы бар генератордан, жел қозғалтқышының және генератордың жұмысын басқаратын автоматты қондырғыдан, оларды құрушы және қызмет көрсетуші құрылыстарынан тұрады. Жел энергетикалық станцияларда желсіз кезеңге арналған резервті жылу қозғалтқыш болады. Міне осындай тиімді станция құрылысы аяқталғанда жыл он екі ай соғатын «Аққырқа» мен «Арыстанды Қарабас» желі өз пайдасын тигізетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close