A place where you need to follow for what happening in world cup

Бір тәулікте 97 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Ақпарақ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 6 адамның жағдайы ауыр,

— 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.