A place where you need to follow for what happening in world cup

Кездейсоқ қоқыс орындарын болдырмау – басты талап

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен кеңес отырысы өтіп, онда балық шаруашылығын дамыту мен күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының  орынбасары Айбар Әділбақовтың баяндамасына қанағаттанбаған облыс әкімі бірқатар сын-ескертпелер жасады.

— Біз мұндай қарқынмен көзделген нәтижеге жете алмаймыз. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының атқарған жұмыстарын айтып отырсыздар. Салалық басқарманың, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұстанымы, көзқарасы көрінбейді. 64 су айдыны жыл соңына дейін бекітіліп береді дегенге де сену қиын. Жол картасының орындалуы бойынша талдау жүргізілмеген. Субсидияның игерілуі де көңіл көншітпейді. Нақты жоспар, ұсыныс жоқ, — деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс басшысы қоқыстарды шығару, өндеу  жұмыстарын да сынға алды.

— Кездейсоқ қоқыс орындарын жою, болдырмау – басты талап. Ол үшін тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жұмыс болса, мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді. Статистикалық көрсеткіштерге негізделген баяндаманы оқып берудің қажеті жоқ. Халыққа нақты атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі керек. Мәселелердің бар екенін ашық айту керек. Ал оларды шешу бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр? Арнайы алгоритм, іс-шаралар жоспары, белгіленген индикатор бар, оның орындалуы қай деңгейде? Жұмыстың негізгі бағыты осы болу керек, — деді облыс әкімі.

Екі мәселе бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмағанын жеткізген облыс әкімі бұл мәселе қайта қаралатынын айтты.