A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұржан Нұржігітов: «Кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап»

Жамбыл облысында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов биылғы жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар туралы баяндамасында айтып өткен болатын. Өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту мәселесін де айналып өтпеген облыс басшысы кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап екенін айтты.

Жалпы, ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілген.  Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінді (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді).

Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз  қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысы іске қосылды. «Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына  әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Бүгінге дейін штабтың  7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралған. Оның 17-сі жаңа жоба. Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды. Екінші кезекте,  прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау. Үшінші, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес пен төртінші, палата жанындағы іскер әйелдер кеңестері де кәсіпкерлерге қолдау көрсету алаңына айналатын болады», — деді Н.Нұржігітов.