A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімі тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Ақпарақ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Партиялық тізімге әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген. Бұл кандидаттардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», — деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.