Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы деректерді жаңартты.
ОСК мәліметінше, сағат 16.05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34 пайызы бюллетень алды», — делінген ОСК хабарламасында. Оның ішінде Абай облысы бойынша халықтың 73,57 пайызы, Ақмола облысы бойынша – 71,38 пайызы, Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 пайызы, Алматы облысы бойынша – 55,11 пайызы, Атырау облысы бойынша – 60,87 пайызы, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 пайызы, Жамбыл облысы бойынша – 68,74 пайызы, Жетісу облысы бойынша – 68,88 пайызы, Қарағанды облысы бойынша – 71,89 пайызы, Қостанай облысы бойынша – 71,38 пайызы, Қызылорда облысы бойынша – 72,88 пайызы, Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 пайызы, Павлодар облысы бойынша – 72,73 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21 пайызы, Түркістан облысы бойынша – 80,09 пайызы, Ұлытау облысы бойынша 72,75 пайызы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 пайызы, Астана қаласы бойынша – 44,39 пайызы, Алматы қаласы бойынша – 26,19 пайызы, Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайызы дауыс берген. Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те жарияланатын болады.