A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданында 6 ауылға ауыз су тартылуда

Жамбыл облысы Шу ауданында биыл 6 ауыл ауыз су желісіне қосылады. Олардың қатарында Жаңақоғам, Сауытбек, Көкқайнар, Еңбекші, Ақтөбе ауылдары мен Шу қаласындағы Қант зауыты шағын ауданы бар.

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасымен танысты.

Қазір Сауытбек ауылында су құбырлары толық тартылып біткен. Ендігі кезекте негізгі су жеткізу жүйесінің құрылысы жүруде. Қант зауыты шағын ауданында да жұмыстар қызу атқарылуда.

Аудан әкімінің айтуынша, жұмыс жоспарға сәйкес орындалып, жоғарыда аталған су нысандарының барлығы ағымдағы жылы пайдалануға берілуі тиіс.