A place where you need to follow for what happening in world cup

«Шымбұлақ» туристер үшін жабылды

Бүгін «Шымбұлақ» тау курорты туристер үшін уақытша жабылғанын демалыс орнының әкімшілігі хабарлады.

«21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды – сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады, су қабылдағыш істен шықты. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.