A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшылығымен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, банктің энергетика және тұрғын-үй, табиғи ресурстар, телекоммуникация, өндіріс, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, туризм, сауда, агробизнес салаларына қолдау көрсетіп жүргені туралы айтылып, ЕҚДБ мен ҚР Үкіметі арасындағы әріптестікті күшейту туралы Келісім шеңберінде іске асып жатқан Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасының орындалуы мен кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту бағдарламасы жөнінде айтылды.

–  Еуропа қайта құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» атты бағдарламасы қалаларды қолдауға бағытталған. Яғни, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдеседі. Қазір осы бағдарламаға Еуразия мен  Солтүстік Африкадан 56 қала еніп отыр, – деді Бахтиёр Файзиев.

Нұржан Нұржігітов аталмыш банкпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу облыс үшін маңызды екенін атап  өтіп, қос тарап әріптестік байланыста болуға қол байласты.