A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда халықаралық конференция өтуде

Онкологиялық ауруларды емдеудегі жаңа тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысына еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Ресейден онколог-дәрігерлер делегациясы келді.

«Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі жаңа тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы – заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған заманауи емдеу мекемесінің базасында өтуде.

Орталық директоры Айбаз Әлиханов қонақтарға экскурсия жасап, мамандармен таныстырды. Оның айтуынша, көпсалалы онкология және хирургия орталығының мақтанышы – радиациялық терапияның жаңа буынына арналған «Elekta Versa HD» сызықтық үдеткіші. Ол кез келген локализацияның және кез келген конфигурацияның ісіктерін емдеуге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, орталықтағы қол жетімді тағы бір бірегей сәулелік терапия аппараты – «Theratron Equinox 80» гамма терапия аппараты.

Қонақтар жедел жәрдем бөлмесі мен палаталарды аралап, орталықтың барлық халықаралық стандарттарға сай екеніне көз жеткізді.

Екі күнге созылатын конференция бағдарламасында қазақстандық және ресейлік онкологтардың қатысуымен аз инвазивті хирургияны оқыту бойынша шеберлік-сабақтары қамтылған.

Конференция аясында дәрігерлер барлығы төрт операция өткізеді. Сондай-ақ, қатысушылар қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі жаңа тәсілдер туралы дәрістер оқиды.