A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда көктайғақтан 33 адам жарақаттанған

Соңғы ақпарат бойынша Тараз қалалық көп бейінді ауруруханасына қазірге дейін 16 адам жұмсақ ет қабаттарының ұрылуларынан медициналық көмекке жүгінген. Ал жедел жәрдемге 2 адам қаралған.

Атап айтқанда, облыстық балалар ауруханасына 28 қараша күнгі сағат 20.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін травмпунктте 4 науқасқа көмек көрсетілген. Бүгін сағат 08.00-ден қазіргі уақытқа  дейін көшеде көктайғақ салдарынан 11 науқас зардап шеккен деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.