Жамбыл облысы экономикалық аймақ екені белгілі. Бүгінде экономиканы дамыту – өнеркәсіпті дамытумен тығыз байланысты екені жасырын емес. Сол себепті де бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту ісіне мән берілуде. Бүгінде экономикалық аймаққа жаңа инвесторлар мен қатысушыларды тарту үшін арнайы экономикалық аймақтың басым бағыттар тізіміне қара және түсті металлургия, электр энергиясын өндіру бағыттарын енгізу жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жолданып, қаралуда. Сондай-ақ, аталған аумақта 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға күш салынуда.
- «Qazsugar Co» ЖШС — қант зауытының құрылысы, жобаның құны – 98,2 млрд.теңге. Жобаның құаттылығы – 150 мың тонна жылана. Зауыттың құрылысы 2020 жылдың IV тоқсанында басталды, пайдалану кезеңінде 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда; Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 63 Га жер телімі берілді.
- «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианидін өндіру, жобаның құны 75 млн. АҚШ доллар, 78 жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 12 Га жер телімі берілді.
- «TAS Market» ЖШС Экономикалық аймақта жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орны құрылады. Іске асыру мерзімі — 2022-2026 жылдар аралығы.
Жалпы облыстың даму жоспарында айқындалғандай, өнеркәсіп саласында жалпы құны 2,1 трлн. теңгені құрайтын 443 жобаны іске қосып, 10,1 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде (о.і. Тараз қ. 103,5 млрд. теңгеге 66 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1126 азамат жұмыспен қамтылады).
Атап айтқанда, 78 өңдеу өнеркәсібі (2022 жылы-35), 25 тамақ өнеркәсібі өндірісі (2022 жылы-14), 8 жарық энергетика кешені салынып (2022 жылы-5), 6 балық шаруашылығы (2022 жылы-2), 6 туризм (2022 жылы-4), 1 цифрландыру және 319 өзге де қызмет (2022 жылы-173) көрсету бағытындағы шағын жобаларды іске асыру көзделуде.
Агроөнеркәсіп кешенін кластерлік тәсілмен дамыту көзделсе, өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылатын болады.
Әріптестік бағдарламаны өңірдегі ірі инвестициялық жобаларда да қолдану жоспарлануда.
Мысалы, Қордай ауданында «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургиялық комбинатын салу жобасы, «Корцем» ЖШС цемент өндіру бойынша, Мойынқұм ауданында «Шағала майнинг» ЖШС мыс кенін өндіру, Шуда «Казахмыс» ЖШС Жайсан кенін игеру, «Жанашыр прожект» мыс кенін өндіру жобаларында іске асыруға келіссөздер жүргізілуде.
Осы бағыттар жүзеге асқан жағдайда еңбек өнімділігі 8,5%-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 275 млрд. теңгеге артып, экспорт көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайтын болады.
Сондай-ақ, инфляция деңгейін төмендету бағытында импорт алмастыруды 180 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, жалпы отандық тауар өндірісін арттыру көзделуде.
Өңірде жұмыс істеп тұрған 77,2 мың шағын және орта бизнес субъектілерін 85 мыңға дейін жеткізіп, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын арттыра отырып, өндірілген өнім көлемі 7%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, демография мәселесіне келер болсақ, биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша облысқа қарасты 371 елді мекенде 1 млн. 153 мың халық тұратын болса, соңғы 10 жылда облыстағы халық саны 97,3 мыңға (1055,8 мыңнан 1153,1 мыңға дейін, 9,2%-ға) өскен. Ауыл 45 мың (645,4 мыңнан 690,4 мыңға, 7%-ға) адамға, қала тұрғындары 52,3 мыңға өскен. Бұл оң динамика.