A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында нашақорлық және есірткі қылмысының алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтың төрағалығымен облыста нашақорлық және есірткі қылмысының алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыс прокурорының бірінші орынбасары, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары және мүдделі басқарма бастығы сондай-ақ, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты. Кеңес қортындысымен бірқатар құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.