A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда 371 елді мекен ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады

Халықты толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екені белгілі. Сол себепті, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су, көгілдір отынға қол жеткізу мен жол жөндеу бағытында атқарылатын жұмыстар өзекті болып отыр.

Бүгінге Жамбыл облысындағы 622 мың тұрғыны бар 269 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Биыл 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

19,8 млрд.теңгеге 49 жоба іске асырылуда. Тұрғын санымен есептегенде 88,8%-дан 94,6%-ға жетеді. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылында 2 АЕМ 9,8 мың адам қамтылды (90,2%).

Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үйге газ қосылады.

11,9 млрд.теңгеге 18 жоба іске асырылуда. Бүгінге 259 АЕМ 1020,5 мың адам табиғи газбен қамтылған, тұрғынмен есептегенде 88,6%-дан 89,5%-ға жетеді. 6 айда 2 АЕМ 9,8 мың адам қамтылды (90,2%).

Даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы
371 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады.

Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың  ауыз су жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулін орнату көзделуде.

Бүгінгі таңда облыстағы 36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі. Биылғы жылы аталған елді мекен тұрғындарын тәулік бойы сумен қамту мақсатында тиісті іс-шаралар бекітіліп, нәтижесінде, аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.

Бұдан бөлек ерекше назар аударатын мәселенің бірі жол екені белгілі. Бүгінгі күні облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ды құрап отырса, елді-мекен көшелерінің үлесі 82% деңгейінде.

Осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында Даму жоспарының аясында 6 млрд. теңгеге 18 жол құрылысы, қайта жаңғырту жұмыстары, 27,2 млрд.теңгеге 104 облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, (оның ішінде Тараз қаласында 3,6 млрд 5 жоба), жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5%-ға жеткізу көзделуде.

Елді-мекен көшелерінің үлесін 94,1%-ға дейін жақсарту үшін 25,9 млрд. теңгеге 726 жоба іске асырылып, асфальт жабындысы төселеді. Бұл тұрғыдан Тараз қаласы бойынша 148 жоба бар.