A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық 150 домбырашы күй орындады

Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен “Жеңіс” саябағында өткен “Домбыра — дастан” мерекелік іс-шарасында қазақ күйлері күмбірледі.

Ұлттық домбыраны ұлықтауға арналған кешке К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен домбыраны жанына серік еткен  150 өнерпаз қатысты.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қала тұрғындарымен бірге концертті тамашалады.

Домбыра party-да Құрманғазы Сағырбайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Әбдімомын Желдібаев, Аман Малдыбаев т.б.  белгілі күйші-композиторлардың шығармалары орындалды.