A place where you need to follow for what happening in world cup

Зульфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Чиншанло топ жарды. Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді.

Зульфия әуелі жұлқа көтеуде 95 килоны еңсеріп, осы бағдарламада күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Жалып есепте күмісті қытайлық Ю Линглонг (210 кг), қоланы өзбекстандық Нигора Абдулаева (193 кг) жеңіп алды.